Атырауда Прездиенттік шырша ұйымдастырылды. Облыс әкімінің қатысуымен өткен «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» атты дәстүрлі жаңа жылдық шырша мерекесіне өңірдің әр ауданынан келген балалар қатысты. Мерекенің басты мақсаты – жас өрендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңа жыл қарсаңында қуанышқа бөлеу.