Жаңа жыл қарсаңында атыраулық 35 бала мерекелік кешке қатысты.Қоғамдық бірлестіктің бастамасымен өткен мерекелік іс-шарада ерекше балаларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өткен кеште бүлдіршіндер ертегі әлеміне саяхат жасап, шат-шадыман көңіл күйге бөленді.