Айтыс пен поэзияны қос қанатындай ұстап, халықтың ықыласына бөленіп жүрген ақынның шығармашылығы дәріптелді. Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен шығармашылық кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Халиолла көрерменмен сырласып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды.