Атырау облысында кәмелет жасқа толмағандар арасында топтық қылмыс 20,3 пайызға артқан. Былтыр 64 жағдай тіркелсе, биыл 77-ге жеткен. Ата-анасыз түнгі уақытта көше кезіп жүретін бозбалалар мен бойжеткендер де азаяр емес. Жасөспірімдермен жасалатын ұсақ бұзақылық 35 пайызға көбейген.