«Ат – қазақтың қанаты» деген сөзді халқымыз бекер айтпаған. Бабадан қалған осы қасиетті өнерді бүгінге жеткізіп, ат спортының беделін биіктетіп жүрген азаматтар аз емес. Солардың бірі – Атырау өңіріне танымал атбегі, ат спортының жанашыры Қайырбек Баймұратов.