«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» республикалық акциясы аясында Қызылқоға ауданында «Зорлық-зомбылықсыз қоғам – әділдіктің айнасы» атты кең көлемді семинар-тренинг ұйымдастырылды. Шараға әр сала мамандары қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.