5 желтоқсан Халықаралық еріктілер күні. 1985 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл датаны Волонтерлар күні деп бекіткен. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген еріктілер саны артып келеді. Атырау облысы да бұл бағыттан қалыс емес. Бүгінгі кейіпкеріміз де бұл салада айтарлықтай еңбек етіп жүр.