Атырау облысында 25 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Аймақта жұмыссыздардың санын азайту жобалары сәтті жүзеге асып жатыр. Облыс әкімі Серік Шәпкенов кәсіп бастаймын деген жандарды қолдау мақсатында гранттар да беріліп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім саласындағы қордаланған мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда.