Бангкокта өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Джиу-Джитсудан Әлем чемпионатында Қазақстан үмітін арқалаған оғландар оза шауып, озық нәтижелерімен ел мерейін үстем етті. Дүбірлі додада Сағыз балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің талантты шәкірттері топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді.