Биыл ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 73 бабы бойынша 4 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелген. Бұл отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер. Одан бөлек, цифрлық зорлық-зомбылықта белең алып жатыр. Жас буынның құқықтық сауаттылығын арттырып, қорғаныс дағдыларын қалыптастыру үшін өткен кездесудің басты тақырыбы да «цифрлық зорлық-зомбылық» болды.