Құрманғазы ауданының Ғизат Әліпов ауылында Жұмекен Нәжімеденовке арналған жаңа мұражай салтанатты түрде ашылды. Мұражай экспозициясында ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер, сирек материалдар, қолжазбалар мен мұрағаттық құжаттар қойылған.