Еңбек ардагері, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Тұрдығали Мәмбетовті еске алуға және ақын, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершудың шығармашылығын насихаттауға арналған әдеби кеш өтті. Шара барысында қос тұлғаның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын танытатын бейнематериалдар көрсетіліп, жаңа кітаптардың тұсауы кесілді.