«Азаматтарымыздың белгілі бір бөлігінде радиофобия бар». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі осылай деген еді. Расымен де, радиация туралы естісе болды, зәресі ұшатындар көп. Тіпті сол сәуле толқындары бұл сөздің өзінен-ақ денесін тесіп өтіп, жазылмас дертке шалдықтыратындай үрейленеді. Шынымен де радиациядан қорқу дұрыс па?