Елімізде әскердің әлеуетін арттыру үшін ең алдымен сарбаздардың әлеуметтік жағдайын жақсарту қажет екені белгілі. Бұл бағытта мемлекет түрлі қолдау шараларын ұсынып, жас буынның білім алып, өз болашағын қалыптастыруына мүмкіндік жасап келеді. Соның нәтижесінде бүгінге дейін 2000-нан астам әскери қызметші жоғары оқу орындарында тегін оқуға жолдама алып, кәсіби маман атануға мүмкіндік алған.