Махамбет ауданында тасқыннан қауіп төнген елді мекендерді қорғау шаралары жалғасып жатыр. Биыл көктемде арнасынан асқан Жайық өзені бірнеше ауылдың қауіпсіздігіне қатер төндіргеннен кейін, өңірде шұғыл инженерлік жұмыстар қолға алынған еді. Қазір ауданға қарасты екі ауылда жағалауды нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, кезекте тағы үш ауылдық округ бар. Махамбет ауылының тұсындағы Жайық жағалауында ұзындығы 4,7 шақырымды қамтитын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Жоба қараша айының соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Ауқымды құрылысқа жалпы 33 млрд теңге қажет. Бүгінге дейін оның 17 млрд теңгесі ғана игерілген. Ауданға барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтқан тілшіміз тақырыпты толықтырады.