Қала аумағындағы күзгі тал отырғызу жұмыстары аяқталды. Биыл жасыл желектерді отырғызу жұмыстарына бюджет қаражаты жұмсалған жоқ. Жоба алғаш рет толықтай демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылған. Шаһар басшысы Шәкір Кейкін қала аумағында бой көтеріп келе жатқан саябақтарды аралады.