Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласына мал дәрігері, зоотехник және агроном жетіспейді. Өзге өңірлерден шақырылған орта буынды мамандар қожалықтарға тұрақтамайды. Ал облыстағы 5 колледжден жылына жүздеген механизатор мен аспаз, дәнкерлеуші дайындалады. Жергілікті нарықтан жұмыс таба алмайтын түлектер қайда барады?