Аймақ жастары Атырау облыстық ПД Аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция майоры Темірхан Хажмұратовпен кездесті. Өңірде орын алған ауыр қылмыстарды ашқан тергеушіні халық “Атыраулық Шерлок Холмс” деп атайды. Кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық қорғау саласына деген қызығушылықты күшейтуге бағытталған.