Құтқару қызметінде иттің қабілеті – адам өмірін сақтап қалуда аса маңызды құрал. Ал оларды баптайтын жас мамандардың қатарында бүгінде 14 жасар Атыраулық Әділхан есімді оқушы бар екен. Ол кішкентайынан иттермен жұмыс істеуге қызығып, уақытын түгелдей жаттығуға арнайды. Қасында ерген Оли есімді ит оның барлық пәрменін дәл орындап, сенімді серігіне айналған.