Махамбет ауданында тышқан қаптап, мектеп пен балабақшалар жабылды. Кеміргіштер тіпті үйлердің ішіне де кіріп, тұрмыстық жабдықтар мен ас үйдегі тамақтарды бүлдірген. Тіпті адамнан да қаймықпайтын көрінеді. Ал тұрғындар мұндай жағдайды бұрын-соңды көрмегендерін айтады.