Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылының шаруалары су тапшылығына тап болып отыр. Бұрын ауыл маңындағы Бекмырза өткелі арқылы су жиналып, егістік пен шабындыққа жеткізілетін. Алайда өткел істен шыққалы отыз жылдан астам уақыт өткен. Содан бері тұрғындар өз күшімен су деңгейін сақтауға тырысқанымен, нәтиже мардымсыз. Мәселенің мән-жайымен әріптесім Асылжан Зинеден танысып қайтты.