Н. Жантөрин атындағы филармонияда Хәкім Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған рухани кеш ұйымдастырылып, ұлы ойшылдың мәңгілік мұрасы кеңінен дәріптелді. Шара Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мен талантты жеке солистердің қатысуымен өтті.