Атырауда жасөспірімдер қауіпсіздігін күшейту мақсатында полиция мен әкелер бірлескен патрульге шықты. Облыстық білім басқармасы мен полиция департаменті бірлескен бастама – қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға, жастардың тәртіп бұзу жағдайларын азайтуға бағытталған маңызды қадам. Атыраудың белсенді әкелері “ұлт болашағы мен бала қауіпсіздігі – бүгінгі заң мен тәртіптен басталады” деген ұстаныммен тәртіп сақшыларымен бірге түнгі рейдтерге қатысып жүр.