Атырауда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай рухани кездесу өтті. Іс-шара Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ұйымдастырылып, оған колледж студенттері, кітапхана қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері қатысты.