Атырауда газ сепарациялық кешенінің құрылысы басталды. Өндіріс орнының қуаты жылына 9,1 млрд м³ құрғақ газ өңдеуге қауқарлы. Жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны – «KMG PetroChem» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Кешеннің құрылысы еліміздегі газ-химия өнеркәсібін дамытуға серпін бермек. Кешенде сұйытылған көмірсутек газдарын өңдеу және фракциялау саласында әлемдік жетекші Honeywell UOP компаниясының технологиялық шешімдері қолданылмақ.