Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті кезекті «Кадр сағатын» өткізді. Жиынға жергілікті атқарушы органдармен бірге орталық мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі басшылары қатысты. Кездесуде бос жұмыс орындарын кадр резерві мен үздік түлектер есебінен толықтыру, ротациялау жүйесіндегі жаңашылдықтар және кадрлық саясаттағы өзекті мәселелер талқыланды.