Атырауда дзюдодан жастар арасындағы дәстүрлі республикалық турнир өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асан Раушановтың жүлдесіне арналған бұл дода биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылды. Жарысқа еліміздің бірнеше аймағынан 100-ден астам жас спортшылар келіп, өзара мықтыны анықтады.