Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Жиында облыстың бірқатар басқармаларына қатысты 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен мемлекеттік гранттардың тақырыптарын бекіту мәселесі талқыланды.