Индерде мемлекеттік грант ұтып алған азаматтар кәсібін дөңгелетіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда кәсіпкерлікті дамытуды, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдауды ел экономикасының басымдығы ретінде атап өтті. Осы орайда азаматтарға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріліп, 200-ге тарта тұрғын «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негізде оқытылды. Нәтижесінде бір ғана Индер ауданының өзінде 60-қа тарта азамат өз кәсібін ашқан.