Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының жоғары санатты онкохирургі Бауыржан Иманбеков Атырау облыстық онкология орталығына арнайы іссапармен келді. Ол мұнда бірқатар күрделі ота жасауды жоспарлап отыр. Тәжірибелі маман алғашқы күні 71 жастағы науқасқа операция жасап, күрделі хирургиялық әдістің өңірлік медицинада кеңінен қолданылуына мүмкіндік берді.