Қызылқоға ауданында дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы мерекесіне орай биыл ат үстіндегі ұлттық ойындар көрермен назарына ұсынылды. Аудан әкімдігінің қолдауымен және Атырау облыстық «Бәйге» федерациясының ұйымдастыруымен өткен шара – ұлттық рух пен спортты ұлықтаған айтулы мереке болды.