Бүгін Атыраулық жастар өз елінің тарихына ерекше қызығушылық танытты. Республика күніне орай мектеп оқушылары мен студенттер қаланың ең басты символы-91 метрлік ту тұғырына арнайы барды. Бұл биік ту тек қаланың көркін ашып қана қоймай, тәуелсіздік пен ұлттық бірліктің айқын белгісіне айналған.