Атырау қаласында Республика күніне арналған салтанатты ту көтеру рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Биыл Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай өткен іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов арнайы қатысып, өңір жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтады.