Бүгін қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Мәлік Сүлейменовтің құрметіне арналған республикалық турнирдің жетінші маусымы ашылды. Бұл додаға еліміздің әр аймағынан тәжірибелі балуандар жиналып, өз шеберліктерін ортаға салып, бақ сынасуда.