Атыраулық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды. Олар ересектер және жастар арасында өткен сайыста екі алтын мен үш күміс медальді қанжығаларына байлаған. Халықаралық чемпионатқа 16 елден жиналған 800-ден аса спортшы қатысты. Ең қызығы, жеңімпаздардың бірі 41 433 әскери бөлімінде Отан алдындағы парызын өтеп жүрген сарбаз. Толығырақ сюжеттен көрейік.