Атырауда ұлағатты ұстаз, көрнекті педагог Құсиын Айтқалиевтың 95 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Құсиын Айтқалиұлының педагогикалық мұрасы, заманауи білім мәселелері: бүгіні мен болашағы» атты жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам педагог ұсыныс жолдап, 100-ден астам адам қатысты.