Елімізде жастар арасында некеге тұру саны азайған. Бұған қазір бірқатар әлеуметтік және психологиялық факторлар себеп болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде жастардың басым бөлігі алдымен материалдық жағдайын түзеп, тұрақты табыс көзін қалыптастыруды көздейді. Ал енді бірі- жеке даму мен мансапты басты орынға қояды. Сонымен қатар, өмірлік серік таңдаудағы жауапкершілікті терең сезініп, отбасын құруға асықпайтындар да көп. Толығырақ тілші сюжетінде.