Атырауда Рухани келісім күні аясында бас қосты. «Бір шаңырақ астында – дәстүр мен ынтымақ» атты форум облыстық Дін істері басқармасының қолдауымен өткізіліп отыр. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени орталықтар мен діни бірлестіктер мүшелері, дінтанушы мамандар, ұстаздар және студенттер қатысты.