Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Оған сала ардагерлері, қызметкерлер, өңір басшылары және құрметті қонақтар қатысты. Таңертең театр алдындағы алаңда арнайы техника көрмесі қойылып, тұрғындар құтқарушылардың күнделікті қызметінде пайдаланатын заманауи құрал-жабдықтармен танысты.