Облыста туберкулезге қарсы күресте айтарлықтай оң әсер байқалуда. Мәселен биыл туберкулезге шалдығу деңгейі 15,5%-ға төмендеген. Мамандар мұндай оң нәтижелер халықтың профилактикалық шараларға белсенді қатысуы мен вакцинацияның маңыздылығын түсінуімен байланысты екенін атап өтті.