Қазақстанның құрметті жазушысы Жалғасқали Мұсағалидың «1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік» атты үшінші кітабының тұсаукесері өтті. Шара Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ұйымдастырылды. Іс-шараға өңірге белгілі қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, өлкетанушылар мен студент жастар қатысты.