Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - мемлекеттік басқарудағы маңызды және басым бағыттардың бірі. Дәл уақытында жасалған алдын алу шаралары адалдық пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Бұл бағытта мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор мамандарының біліктілігін арттыруға басымдық беріліп отыр. Осы тұста облыста «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеждмент және комплаенс» атты оқу курстары ұйымдастырылды.