Жастарды қолдау-мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы бағытта Атырау өңірінде он жылдан астам уақыт бойы Атырау облыстық Жастар ресурстық орталығы тұрақты әрі нәтижелі жұмыс атқарып келе жатыр. Аталған орталық-аймақтағы белсенді, талантты және бастамашыл жастардың басын біріктіріп, олардың қоғамдық өмірге белсене араласуына, әлеуетін дамытуына жан-жақты қолдау көрсетіп отырған бірегей платформа.