Биыл Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің құрылғанына 85 жыл. Бүгін оқу ордасында «Халел Досмұхамедов оқулары» аясында халықаралық конференция, түлектер форумы мен университет түлегі, әлемге танымал желаяқ, жеңіл атлет Әмин Тұяқовтың құрметіне арналған турнир өтті.