Атырауда «КАСПИЙ ЭКОЖҮЙЕСІ:ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ» атауымен Каспий маңы елдерінің мемлекеттік университеттері мен ғылыми зерттеу орталықтарының XXVII бас ассамблеясы өтті. Іс-шараға 100 – ге жуық қатысушы жиналды. Жиынның ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев бұл форум – аймақ елдерінің технология мен инновацияны бірлесе дамытуға ұмтылысын білдіретінін атап өтті.