Атыраудағы жетекші наубайханалардың біріне мектеп оқушылары арнайы экскурсияға барды. Мұндағы мақсат - жасөспірімдерге түрлі саладағы жұмыс барысын жан-жақты таныстырып, өздеріне ең жақын және ұнаған кәсіпті таңдауына көмектесу. Бұл іс-шара — жастарды кәсіпке баулу және мамандық таңдауға бағыттау мақсатындағы маңызды жоба аясында жүзеге асырылды.