Нашақорлық, маскүнемдік, шылым шегу қазіргі қоғамның өзекті мәселелері. Ал бұл мәселелердің алдын алу-ең өзекті міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірде жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінде денсаулық сақтау саласының мамандары, білім беру ұйымдарының педагогтары және жастар ұйымдарының өкілдері бірлесіп, жастар мен жасөспірімдер арасында темекі шегудің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып жүр. Бұл шаралар жас ұрпақты тәуелділіктен қорғауға, сондай-ақ олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.