Жем өзені мен Құрсай өзегіндегі су деңгейін реттейтін гидрошлюздің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Енді қос өзеннен Құлсарыға қауіп жоқ. Екі жыл бұрынғы алапат тасқын кезінде Құрсай мен Жем өзені арнасынан асып, 3000-ға тарта инфрақұрылым су астында қалған еді. Осыдан кейін апаттың алдын алу үшін өзеннің түбін тереңдетіп, жағасын бекіте бастады. Құрылыс барысын әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт көріп келді.