Бүгінде жұмысшы жылы мамандықтары аясында еңбек адамының қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу ісі кең көлемде қолға алынған. Мемлекеттің өркендеуі мен өндіріс саласының дамуы-еңбегін адал атқарып жүрген қарапайым мамандық иелеріне тікелей байланысты. Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз-осының жарқын мысалы. Олар өз еңбегімен ел игілігіне үлес қосып, жұмысшы мамандықтарының маңызын нақты іспен көрсетіп жүр.