Атырауда “Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен “Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ” атты өңірлік хакатон өтті. Шараның басты мақсаты – тұрақты даму, ақпараттық технологиялар және білім беру салаларында инновациялық жобалар мен прототиптер әзірлеу, талантты жастарды қолдау және экономикалық трансформацияны ілгерілету.